{"title":"\"ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ \"","authors":"Б. М. Кадырова, Н. Б. Агалиева, Р. О. Жуманбаева","doi":"10.48081/yklu4230","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/yklu4230","url":null,"abstract":"\"Мақалада қазақ тіліндегі әскери терминдердің лингвистикалық сипаты қарастырылған. Терминологияның басқа салаларына қарағанда құрамы мен құрылымының өзіндік ерекшелігі бар әскери терминология қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Әскери терминдер – лингвистикалық тұрғыдан арнайы ұғымдарды дәл білдіру үшін және әскери білім-ғылым саласында қолданылатын арнайы тілдік қолданыстар. Қазақ лексикасының көлемді бір саласын қамтитын әскери терминдерді зерттеп, тілдік тұрғыдан ғылыми тұжырымдар жасау қажет. Себебі әскери терминдер қазақ лексикасының үнемі толығып отыратын көлемді бір саласы екені белгілі. Мақалада қазақ әскери терминдерінің зерттелу тарихына шолу жасалады. Он тоғызыншы ғасырдан бастап жариялана бастаған алғашқы сөздіктер мен ілгері-кейінді жазылған ғылыми зерттеулердің әскери терминология саласын қалыптастырудағы үлесі сараланады. Қазақ тіліндегі әскери терминдер құрылымдық-семантикалық тұрғыдан талданып, құрылымы бойынша әскери терминдердің бір компонентті және көп компонентті болып бөлінетіні, көп компонентті терминдердің саны бір компонентті терминдердің санынан көп екені ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, мысалдар арқылы дәлелденеді. Қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасамы қарастырылып, әскери терминдердің терминжасамның түрлі тәсілдері негізінде үздіксіз дамып келе жатқаны және әскери терминдердің жасалуында синтаксистік әдістің активтілігі анықталады.\"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"9 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"117050027","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"«ТӘРЖҮМАНДАҒЫ» ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН ЛЕКСИКАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА","authors":"Ф. Т. Жұмажанова, М. С. Кулахметова","doi":"10.48081/qfaf2370","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/qfaf2370","url":null,"abstract":"\"Ана тіліміз түркі тілдеріне тән негізгі белгілерді сақтап қалған. Дегенмен әр тілдің дамуына, ішкі, сыртқы заңдылықтарына байланысты туыс тілдердің бір-бірінен өзгешеленуі заңды. Қандай да бiр тiлдiң өзіндік ерекшелігі, әсіресе, оның сөздік қорынан, синонимдік қатарынан, яғни лексикасынан анық көрінеді. Себебі лексика тiл жүйесінiң басқа салаларына қарағанда біршама тез дамиды, әртүрлі экстралингвистикалық факторлар әсерінен үнемі толығып отырады. Сондай-ақ бір тілде бар сөздердің онымен туыс басқа тілдерде ұшырасуы – заңды құбылыс, мұның түп-тамырын, негізгі себебін ортақ түркілік сөздік қордан іздегеніміз жөн. Бұл тұрғыдан келгенде, күллі түркі жұртшылығына ортақ мұра саналатын орта ғасырларда жарық көрген ескерткіштер материалына жүгінудің берері мол. Осымен байланысты тарихи лексикологияның маңызды міндетінің бірі – өткен дәуірлерден мирас болып қалған жазба ескерткіштер тілін лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл мәселе этностың қыпшақ халықтарының құрамында болған кезіндегі, әсіресе, қазақ болып қалыптасқанға, яғни ұлттыққа дейінгі кезеңдегі мұралар тіліне қатысты алғанда өткірлене түседі. Мақалада қазақ тіліндегі туыстық атаулар семантикасы орта ғасырлардағы жазба мұра «Тәржүмандағы» нұсқаларымен және қазіргі түркі тілдері материалымен салыстырыла қарастырылған. Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды анықтау көзделген. Авторлар түркі тілдеріне қатысты лексикографиялық дереккөздердегі туыстық атаулардың семантикалық әлеуеті мен мағыналық шеңберін анықтауда танымдық ақпаратқа назар аударған. Түсіндірме сөздіктегі атаулар мағынасы мен олардың күнделікті қарым-қатынас тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін зерделеген. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"36 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"132225726","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"СОВРЕМЕННАЯ СТРАТИФИКАЦИЯ ЯЗЫКА И СТРУКТУРА СУБСТАНДАРТА В РУССКОМ И АНГЛИЙСКОМ ЯЗЫКАХ","authors":"М. К. Тулегенова, Ж. Н. Жунусова","doi":"10.48081/jprg1043","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/jprg1043","url":null,"abstract":"\"В данной статье рассматриваются в контрастивно-сопоставительном аспекте вопросы, связанные со стратификацией общенародного русского и английского языков на стандарт и субстандарт, с выявлением состава субстандартной лексики в разных языках и анализом наиболее продуктивных и эффективных способов образования нестандартной лексики. Актуальность изучения данных явлений вызвана также все более возрастающим интересом к исследованию нового направления – социолектологии в современной лингвистике, к вопросам нестандартной лексики, языковой ситуации. В статье уточняется определение субстандарта в разных языках, критерии различения стандарта и субстандарта, рассматривается понятийное поле субстандарта, характеризуются социальные, социокультурные, фонетические, лексические словообразовательные признаки просторечия, жаргона, арго, сленга. В процессе исследования получены результаты: выявлен критерий разграничения стандарта и субстандарта; определен состав английского просторечия; установлено, что субстандартная лексика русского языка включает в себя видовые понятия просторечия, жаргон, арго, сленг; выявлены различия между просторечием субстандарта и социолектов по фонетическим, лексическим, словообразовательным признакам. Сделан вывод о том, что требуется дальнейшее изучение субстандарта в разных языках, что связано с влиянием его на стандартный язык в современном языке.\"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"34 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"114960375","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"\"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИСТІК ТЕНДЕНЦИЯЛАР \"","authors":"Қ. Т. Жанұзақова, Ж. А. Байбатшаева","doi":"10.48081/rcao2310","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/rcao2310","url":null,"abstract":"\"Мақалада бүгінгі қазақ әдебиетінің тәуелсіздік кезеңіндегі постмодернистік прозаның әдеби формалары мен даму ерекшеліктері әлемдік әдеби үдерістің дамуы аясында талданады. Әлемдік әдебиетануда ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ерекше назарға іліне бастаған постмодернистік туындылардың басты белгілері мен көркемдік ерекшеліктері шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде пайымдалды. Қазақ әдебиетінде де соңғы жылдары постмодернистік тенденцияның көп талқыға түсіп, талас тудыра алғаны анық. Ұсынылып отырған мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында жаңаша бағыт-бағдарымен танылған постмодернист жазушылар – Д. Нақыповтың «Круг пепла», А. Жақсылықовтың «Сны окаянных» романдарындағы постмодернистік белгілердің қызметі, мазмұндық, құрылымдық қасиеттері мен мәтіннің композициялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл тенденцияның қазақ әдебиетіндегі көрінісін қарастыру барысында тарихи-салыстырмалы, герменевтикалық, интертекстуалдық талдау әдістері негізге алынды. Постмодернизмдегі шығармашылық еркіндік пен әдеби үдерістегі жаңашылдығы сипатталады. Постмодернистік мәтіннің негізгі бағыт-бағдарын, поэтикалық табиғатын айқындауда шетелдік, отандық зерттеушілер еңбектері басшылыққа алынды. Әр түрлі психоаналитикалық теориялар мен тәжірибелер, когнитивтік әдебиеттану, мәтін философиясы және деконструктивизм тұрғысынан автор, кейіпкер мен оқырман арасындағы қарым-қатынас әдістері ашылады. Сондай-ақ, авторлық және оқырмандық қарым-қатынастың үйлесуі, мәтіннің прагматикасы зерттеледі. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"26 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"121901875","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"ГРАММАТИКАЛЫҚ СИНОНИМДЕРДІҢ КОНТЕКСТІК-МОДАЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ","authors":"Ж. А. Құсайынова, С. Н. Сәменова","doi":"10.48081/swvq7240","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/swvq7240","url":null,"abstract":"Ғылыми мақалада грамматикалық синонимдердің мәтін аясындағы қалыптасу ерекшелігі және олардың субъективтік модальділіктің ішкі реңктерін жасауға қосар үлесі талданды.Аталмыш қолданыстардың семантикалық дамуына, коннотациялық реңктерге ие болуына әсер ететін тілдік емес уәждердің, яғни ұлттық таным-түсініктің, ұлттық діліміздің, әлеуметтік ортаның ықпалы дәйектелді. Сонымен қатар, грамматикалық синонимдердің мәтін аясындағы функциясы негізінде талдаулар жасалып, субъективтік модальділікке қатысты теориялық тұжырымдар кеңейтілді. Атап айтсақ, субъективтік модальділіктің ішкі мәндерін қалыптастыруға ұйытқы болатын бір ғана «өмір» грамматикалық синонимінің семантикалық модельдері кешенді жүйеде сараланып, модальділік санатының күрделі грамматикалық құрылымын ажыратуда мәтін деңгейіндегі салыстырулардың қажеттілігіне назар аударылды. Яғни, аталған заңдылықтың өзіндік құрылымы, дербес жасалу жолы бар, мәтіндегі семантикалық шеңбер аясында жүйеленетін күрделі, ауқымды заңдылық екені сараланды. Грамматикалық синонимдердің мәтіндегі түрленуімен сабақтастыра отырып, субъективтік модальді мәннің үнемі ашық тірек құрылымдар арқылы жүйелене бермейтіндігіне мән берілді. Бұл тұста астарлама қызметіндегі синонимдердің сөйлеу тіліндегі қызметі негізгі талдау нысаны ретінде сипатталды. Нәтижесінде грамматикалық синонимдердің қатысымдықмүмкіндіктері этнолингвистикалық уәждер әсерінен кең өріс алып, модальді мәннің жасалу жолын кеңітетіні дәлелденді.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"31 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"115218511","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"ПОРТРЕТ КАК ОБЪЕКТ ИССЛЕДОВАНИЯ В ТРУДАХ ФИЛОЛОГОВ И ИСКУССТВОВЕДОВ КАЗАХСТАНА XXI В.","authors":"*Е. Ю. Личман, М. П. Попандопуло","doi":"10.48081/hvxg4595","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/hvxg4595","url":null,"abstract":"В статье проведен краткий сравнительный обзор трудов казахстанских лингвистов и искусствоведов начала XXI в. по проблеме функционирования портрета в произведениях литературы и изобразительного искусства Казахстана. На основе системного, лингвистического, искусствоведческого методов проанализировано содержание имеющихся на данный период научных исследований, изучено проблемное поле художественного портретирования, как специфической формы постижения человека, охарактеризованы особенности интерпретации портрета в произведениях изобразительного искусства и литературы Казахстана XXI в. в трудах отечественных филологов и искусствоведов. В процессе изучения проблемы выявлено, что портрет, как объект исследования, не рассматривался филологами с позиций лингвокультурологии, этнопсихолингвистики, лингвоконцептологии. Основными подходами в изучении феномена портрета в современной филологии являются лингвистический, литературоведческий. В работах искусствоведов проблема функционирования портрета в изобразительном искусстве Казахстана представлена многопланово. На основе хронологической систематизации научных трудов сделан вывод о небольшом количестве публикаций филологов по проблеме функционирования портрета на примере произведений художественной прозы и поэзии Казахстана, что создает предпосылки для широты ее научного осмысления.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"1 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"129196355","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"АЙМАҚТЫҚ МӘДЕНИ ЗЕРТТЕУЛЕР - СТУДЕНТТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ БІЛІМДІК РЕСУРСЫ","authors":"*Д. Е. Капанова, Г. К. Исмагулова","doi":"10.48081/yplo4619","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/yplo4619","url":null,"abstract":"Шетел тілін оқыту және оны меңгеру халықтардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуі керек. Осыған байланысты шет тілдерін оқыту процесі тіларалық мәдениетаралық қатынасқа дайындыққа бағытталуы керек. Мәдени білімнің жетіспеушілігі коммуниканттардың бір тілде сөйлесуіне қарамастан, жиі түсінбеушілікке, тіпті қақтығыстарға алып келеді. Бұл мақалада авторлар екі жақты табысты байланысқа қол жеткізу үшін оқу процесіне ұлттық-аймақтық компонентті қосудың маңыздылығы мен қажеттілігіне назар аударады. Оқытудағы тәжірибе көрсеткендей, тек шет тілі оқылатын елдің мәдениетін зерттеуге бағытталған практика студенттердің өз аймақтық мәдениетіне қатысты фактілер мен құбылыстар туралы ақпаратты жеткізе алмайтындығына әкеледі, сондықтан нақты қарым-қатынас процесінде олар оның өзіндік ерекшелігін жеткілікті аша алмайды. Шет тілін оқытуда аймақтық мәдени зерттеулерді пайдалану оқытушы мен студенттер үшін тіл мен сол елдің мәдениетін меңгеруде кең мүмкіндіктер ашады. Алдарыңызға ұсынып отырған зерттеу жұмысының мақсаты - студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе мен ақпарат алмасу барысында студенттің басқа елдер өкілдеріне отандық мәдениетпен таныстыру қабілетін пайдалана отырып, жұмыс тәсілдерінің кешенін әзірлеу және сынақтан өткізу. Бұл зерттеу ағылшын тілін A2, В1 деңгейінде меңгерген ЖОО студенттерімен жүргізілді.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"56 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"125761845","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР: АССОЦИАТИВТІ САУАЛНАМА","authors":"Б. Р. Хасенов, А. С. Адилова, З. К. Картова","doi":"10.48081/duqo2097","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/duqo2097","url":null,"abstract":"Мақалада COVID-19 пандемиясы кезінде қазақстандық қоғамда қалыптаса бастаған лексикалық инновациялар (жаңа түсініктер, неологизмдер), семантикалық өзгерістер қарастырылады. Бұл мақалада біз ассоциативті сауалнама жүргізу арқылы COVID-19 пандемиясы туындатқан жаңа түсініктерді, неологизмдерді, лексика-семантикалық өзгерістерді сипаттаймыз. Зерттеудің сауалнамасына еректі түрде 142 респондент онлайн қатысты. Стимул-сөз ретінде коронавирус термині алынды. Респонеденттерге коронавирус стимулымен қатысты қандай түс және сан есіммен байланысты болатынын жазу керек болды. Жауаптарды онлайн түрде барлық адам көре алады. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, коронавирус стимулы адамдардың санасында қызыл, жасыл, қара, көк, сары түстері активтенді, ал қоңыр, ақ, алтын, күлгін, түссіз өте әлсіз ассоциацияларды тудырады және 19 санының жиілігі байқалды. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелері бойынша, COVID-19 пандемиясы кезеңінде колоративті лексиканың (жасыл түстен басқа, бұл түс қауіпсіздікті бейнелей бастады), сандардың жағымсыз мағыналары өзектеніні анықталды және кейбір жаңа ұғымдар пайда болғаны көрсетілді. Қорытынды бөлімде ағылшын тілінің рөлі атап өтілді, себебі дағдарыс кезеңінде қазақ тілінің сөздік құрамы жаңа ағылшын сөздерімен толықтырылды, бұл ағылшын тілінің плюрицентристік және «дағдарыс төтеп бере алатын» тіл екенін дәлелдейді.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"21 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"125908211","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"АНТОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ","authors":"Ж. Ү. Калимова","doi":"10.48081/fxlv5040","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/fxlv5040","url":null,"abstract":"Мақалада антонимия құбылысы тіл-тілдің барлығына тән универсалды, тілдік, стильдік және логикалық табиғаты күрделі құбылыс екен және оның тілдегі, көркем әдебиеттегі қолданыс аясы жайында баяндалады. Антонимиялық қарама-қайшылықтардың тілдегі және көркем әдебиеттегі тілдің эстетикалық сипатын жүзеге асыру мақсатында жиі қолданылатын ерекше көркемдік құралдардың бірі екендігі ұлы Абайдың шығармалары негізінде жан-жақты сипатталған. Аталмыш мақалада, сондай-ақ сөз зергері Абайдың өзін қоршаған әлеуметтік ортаны, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, адамдардың түрлі мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін сипаттауда тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді мен сөз оралымдарын аса ұқыптылықпен сұрыптап ала отырып, кеңінен қолданғандығы сөз болады. Сонымен қатар мақалада тілдегі антонимия құбылысының антитеза, диатеза, акротеза, альтернатеза, амфитеза, антиметабола, оксюморон сипатында болып келген түрлері және олардың стильдік қызметтері ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері негізінде жан-жақты қарастырылған. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиеті тарихындағы бұрын соңды болмаған, ақынның тереңнен толғанған озық ойларының туындысы және аса құнды әдеби мұра болып табылады. Бұл туындылардың өзіндік тілдік және стильдік ерекшеліктері мол әрі сан қырлы. Мақалада Абайдың бірнеше қара сөздері стильдік тұрғыдан талданып, ақынның өмір құбылыстарын бейнелеп суреттеу немесе баяндап жеткізу, адамның ішкі жан дүниесін, психологиясын ашып көрсетуде антонимдік қарым-қатынастағы сөздер мен сөз тіркестерін ұтымды да шебер қолдана білгендігі баяндалады.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"49 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"130435492","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}
{"title":"ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ","authors":"Д. Н. Тлепберген, А. Ш. Акжигитова","doi":"10.48081/rrix6118","DOIUrl":"https://doi.org/10.48081/rrix6118","url":null,"abstract":"Берілген мақалада тіл саясаты мен тілдік жоспарлау мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулерге аналитикалық шолу жасалды. Шетел және Қазақстан ғалымдарының қазіргі әлеуметтік лингвистикалық, тарихи, демографиялық, саяси және экономикалық факторлар контекстінде баяндалған тіл саясаты мәселелері жайлы ғылыми еңбектері талданып, зерттеу нәтижелерінің ұқсастықтары, айырмашылықтары және негізгі тенденциялары аталды. «Тіл саясаты» ұғымы және оның қазіргі интегративті процестер жағдайындағы мәні айқындалған. Тіл саясаты қоғамдағы және мемлекеттегі тіл мәселелерін шешуге бағытталған нормалардың, идеологиялық принциптердің және практикалық шаралардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Тіл саясаты мәслесін зерттеудің өзектілігі бірнеше факторларға байланысты. Біріншіден, жаһандану үдерістерінің қоғамға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымына, оның тілдік ландшафтына әсерін есепке алмай, қазіргі уақытта тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесін зерттеу жеткіліксіз болып отыр. Екіншіден, Қазақстанның тіл саясаты туралы зерттеулер көп жағдайда қазақ және орыс тілдерінің өзара әрекеттесуін және олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге бағытталса, ағылшын тілін енгізу тақырыбы негізінен педагогика тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың маңызды компоненттерінің бірі болып табылатын «тілдік кеңістікке» сипаттама беріліп, тіл мамандарының жүргізген зерттеулері жөнінде айтылған.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"101 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":null,"resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":"132716472","PeriodicalName":null,"FirstCategoryId":null,"ListUrlMain":null,"RegionNum":0,"RegionCategory":"","ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":"","EPubDate":null,"PubModel":null,"JCR":null,"JCRName":null,"Score":null,"Total":0}