{"title":"\"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИСТІК ТЕНДЕНЦИЯЛАР \"","authors":"Қ. Т. Жанұзақова, Ж. А. Байбатшаева","doi":"10.48081/rcao2310","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақалада бүгінгі қазақ әдебиетінің тәуелсіздік кезеңіндегі постмодернистік прозаның әдеби формалары мен даму ерекшеліктері әлемдік әдеби үдерістің дамуы аясында талданады. Әлемдік әдебиетануда ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ерекше назарға іліне бастаған постмодернистік туындылардың басты белгілері мен көркемдік ерекшеліктері шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде пайымдалды. Қазақ әдебиетінде де соңғы жылдары постмодернистік тенденцияның көп талқыға түсіп, талас тудыра алғаны анық. Ұсынылып отырған мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында жаңаша бағыт-бағдарымен танылған постмодернист жазушылар – Д. Нақыповтың «Круг пепла», А. Жақсылықовтың «Сны окаянных» романдарындағы постмодернистік белгілердің қызметі, мазмұндық, құрылымдық қасиеттері мен мәтіннің композициялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл тенденцияның қазақ әдебиетіндегі көрінісін қарастыру барысында тарихи-салыстырмалы, герменевтикалық, интертекстуалдық талдау әдістері негізге алынды. Постмодернизмдегі шығармашылық еркіндік пен әдеби үдерістегі жаңашылдығы сипатталады. Постмодернистік мәтіннің негізгі бағыт-бағдарын, поэтикалық табиғатын айқындауда шетелдік, отандық зерттеушілер еңбектері басшылыққа алынды. Әр түрлі психоаналитикалық теориялар мен тәжірибелер, когнитивтік әдебиеттану, мәтін философиясы және деконструктивизм тұрғысынан автор, кейіпкер мен оқырман арасындағы қарым-қатынас әдістері ашылады. Сондай-ақ, авторлық және оқырмандық қарым-қатынастың үйлесуі, мәтіннің прагматикасы зерттеледі. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"26 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/rcao2310","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Мақалада бүгінгі қазақ әдебиетінің тәуелсіздік кезеңіндегі постмодернистік прозаның әдеби формалары мен даму ерекшеліктері әлемдік әдеби үдерістің дамуы аясында талданады. Әлемдік әдебиетануда ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ерекше назарға іліне бастаған постмодернистік туындылардың басты белгілері мен көркемдік ерекшеліктері шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде пайымдалды. Қазақ әдебиетінде де соңғы жылдары постмодернистік тенденцияның көп талқыға түсіп, талас тудыра алғаны анық. Ұсынылып отырған мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында жаңаша бағыт-бағдарымен танылған постмодернист жазушылар – Д. Нақыповтың «Круг пепла», А. Жақсылықовтың «Сны окаянных» романдарындағы постмодернистік белгілердің қызметі, мазмұндық, құрылымдық қасиеттері мен мәтіннің композициялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл тенденцияның қазақ әдебиетіндегі көрінісін қарастыру барысында тарихи-салыстырмалы, герменевтикалық, интертекстуалдық талдау әдістері негізге алынды. Постмодернизмдегі шығармашылық еркіндік пен әдеби үдерістегі жаңашылдығы сипатталады. Постмодернистік мәтіннің негізгі бағыт-бағдарын, поэтикалық табиғатын айқындауда шетелдік, отандық зерттеушілер еңбектері басшылыққа алынды. Әр түрлі психоаналитикалық теориялар мен тәжірибелер, когнитивтік әдебиеттану, мәтін философиясы және деконструктивизм тұрғысынан автор, кейіпкер мен оқырман арасындағы қарым-қатынас әдістері ашылады. Сондай-ақ, авторлық және оқырмандық қарым-қатынастың үйлесуі, мәтіннің прагматикасы зерттеледі. "