{"title":"«ТӘРЖҮМАНДАҒЫ» ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН ЛЕКСИКАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА","authors":"Ф. Т. Жұмажанова, М. С. Кулахметова","doi":"10.48081/qfaf2370","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Ана тіліміз түркі тілдеріне тән негізгі белгілерді сақтап қалған. Дегенмен әр тілдің дамуына, ішкі, сыртқы заңдылықтарына байланысты туыс тілдердің бір-бірінен өзгешеленуі заңды. Қандай да бiр тiлдiң өзіндік ерекшелігі, әсіресе, оның сөздік қорынан, синонимдік қатарынан, яғни лексикасынан анық көрінеді. Себебі лексика тiл жүйесінiң басқа салаларына қарағанда біршама тез дамиды, әртүрлі экстралингвистикалық факторлар әсерінен үнемі толығып отырады. Сондай-ақ бір тілде бар сөздердің онымен туыс басқа тілдерде ұшырасуы – заңды құбылыс, мұның түп-тамырын, негізгі себебін ортақ түркілік сөздік қордан іздегеніміз жөн. Бұл тұрғыдан келгенде, күллі түркі жұртшылығына ортақ мұра саналатын орта ғасырларда жарық көрген ескерткіштер материалына жүгінудің берері мол. Осымен байланысты тарихи лексикологияның маңызды міндетінің бірі – өткен дәуірлерден мирас болып қалған жазба ескерткіштер тілін лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл мәселе этностың қыпшақ халықтарының құрамында болған кезіндегі, әсіресе, қазақ болып қалыптасқанға, яғни ұлттыққа дейінгі кезеңдегі мұралар тіліне қатысты алғанда өткірлене түседі. Мақалада қазақ тіліндегі туыстық атаулар семантикасы орта ғасырлардағы жазба мұра «Тәржүмандағы» нұсқаларымен және қазіргі түркі тілдері материалымен салыстырыла қарастырылған. Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды анықтау көзделген. Авторлар түркі тілдеріне қатысты лексикографиялық дереккөздердегі туыстық атаулардың семантикалық әлеуеті мен мағыналық шеңберін анықтауда танымдық ақпаратқа назар аударған. Түсіндірме сөздіктегі атаулар мағынасы мен олардың күнделікті қарым-қатынас тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін зерделеген. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"36 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/qfaf2370","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Ана тіліміз түркі тілдеріне тән негізгі белгілерді сақтап қалған. Дегенмен әр тілдің дамуына, ішкі, сыртқы заңдылықтарына байланысты туыс тілдердің бір-бірінен өзгешеленуі заңды. Қандай да бiр тiлдiң өзіндік ерекшелігі, әсіресе, оның сөздік қорынан, синонимдік қатарынан, яғни лексикасынан анық көрінеді. Себебі лексика тiл жүйесінiң басқа салаларына қарағанда біршама тез дамиды, әртүрлі экстралингвистикалық факторлар әсерінен үнемі толығып отырады. Сондай-ақ бір тілде бар сөздердің онымен туыс басқа тілдерде ұшырасуы – заңды құбылыс, мұның түп-тамырын, негізгі себебін ортақ түркілік сөздік қордан іздегеніміз жөн. Бұл тұрғыдан келгенде, күллі түркі жұртшылығына ортақ мұра саналатын орта ғасырларда жарық көрген ескерткіштер материалына жүгінудің берері мол. Осымен байланысты тарихи лексикологияның маңызды міндетінің бірі – өткен дәуірлерден мирас болып қалған жазба ескерткіштер тілін лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл мәселе этностың қыпшақ халықтарының құрамында болған кезіндегі, әсіресе, қазақ болып қалыптасқанға, яғни ұлттыққа дейінгі кезеңдегі мұралар тіліне қатысты алғанда өткірлене түседі. Мақалада қазақ тіліндегі туыстық атаулар семантикасы орта ғасырлардағы жазба мұра «Тәржүмандағы» нұсқаларымен және қазіргі түркі тілдері материалымен салыстырыла қарастырылған. Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды анықтау көзделген. Авторлар түркі тілдеріне қатысты лексикографиялық дереккөздердегі туыстық атаулардың семантикалық әлеуеті мен мағыналық шеңберін анықтауда танымдық ақпаратқа назар аударған. Түсіндірме сөздіктегі атаулар мағынасы мен олардың күнделікті қарым-қатынас тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін зерделеген. "