{"title":"\"ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ \"","authors":"Б. М. Кадырова, Н. Б. Агалиева, Р. О. Жуманбаева","doi":"10.48081/yklu4230","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақалада қазақ тіліндегі әскери терминдердің лингвистикалық сипаты қарастырылған. Терминологияның басқа салаларына қарағанда құрамы мен құрылымының өзіндік ерекшелігі бар әскери терминология қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Әскери терминдер – лингвистикалық тұрғыдан арнайы ұғымдарды дәл білдіру үшін және әскери білім-ғылым саласында қолданылатын арнайы тілдік қолданыстар. Қазақ лексикасының көлемді бір саласын қамтитын әскери терминдерді зерттеп, тілдік тұрғыдан ғылыми тұжырымдар жасау қажет. Себебі әскери терминдер қазақ лексикасының үнемі толығып отыратын көлемді бір саласы екені белгілі. Мақалада қазақ әскери терминдерінің зерттелу тарихына шолу жасалады. Он тоғызыншы ғасырдан бастап жариялана бастаған алғашқы сөздіктер мен ілгері-кейінді жазылған ғылыми зерттеулердің әскери терминология саласын қалыптастырудағы үлесі сараланады. Қазақ тіліндегі әскери терминдер құрылымдық-семантикалық тұрғыдан талданып, құрылымы бойынша әскери терминдердің бір компонентті және көп компонентті болып бөлінетіні, көп компонентті терминдердің саны бір компонентті терминдердің санынан көп екені ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, мысалдар арқылы дәлелденеді. Қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасамы қарастырылып, әскери терминдердің терминжасамның түрлі тәсілдері негізінде үздіксіз дамып келе жатқаны және әскери терминдердің жасалуында синтаксистік әдістің активтілігі анықталады.\"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"9 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/yklu4230","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Мақалада қазақ тіліндегі әскери терминдердің лингвистикалық сипаты қарастырылған. Терминологияның басқа салаларына қарағанда құрамы мен құрылымының өзіндік ерекшелігі бар әскери терминология қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Әскери терминдер – лингвистикалық тұрғыдан арнайы ұғымдарды дәл білдіру үшін және әскери білім-ғылым саласында қолданылатын арнайы тілдік қолданыстар. Қазақ лексикасының көлемді бір саласын қамтитын әскери терминдерді зерттеп, тілдік тұрғыдан ғылыми тұжырымдар жасау қажет. Себебі әскери терминдер қазақ лексикасының үнемі толығып отыратын көлемді бір саласы екені белгілі. Мақалада қазақ әскери терминдерінің зерттелу тарихына шолу жасалады. Он тоғызыншы ғасырдан бастап жариялана бастаған алғашқы сөздіктер мен ілгері-кейінді жазылған ғылыми зерттеулердің әскери терминология саласын қалыптастырудағы үлесі сараланады. Қазақ тіліндегі әскери терминдер құрылымдық-семантикалық тұрғыдан талданып, құрылымы бойынша әскери терминдердің бір компонентті және көп компонентті болып бөлінетіні, көп компонентті терминдердің саны бір компонентті терминдердің санынан көп екені ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, мысалдар арқылы дәлелденеді. Қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасамы қарастырылып, әскери терминдердің терминжасамның түрлі тәсілдері негізінде үздіксіз дамып келе жатқаны және әскери терминдердің жасалуында синтаксистік әдістің активтілігі анықталады."