{"title":"M. AUEZOV'UN ‘KILY ZAMAN’ ADLI ROMANININ TARİHSEL ve POLİTİK ÖNEMİ","authors":"Zhanar Abdi̇gapbarova","doi":"10.59358/ayt.1336469","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар сөзінің биік парасаты – Абай даналығынан көрінсе, сол дәстүрді кейінгі әдебиетте Алаш қайраткерлері қайта жаңғыртты. Алаш қайраткерлері сол замандағы қандай қиындыққа да төтеп беріп, ХХ ғасыр басында ел мәдениеті мен әдебие¬тін жаңаша дамытуға бар-күш-жігерін жұмсады. Алаш қозғалысына атсалысқан қайраткерлердің бірі жазушы Мұхтар Әуезов қазақ жұртының ұлттық намысын оятуға, тарихи сананың жаңғыруына айрықша еңбек етті. Алаш идеясы – жас жазушының көзқарасын қалыптастырған үлкен саяси мектеп еді. Алаш жолындағы қайраткерлік миссиясын М.Әуезов өзінің «Қилы заман» романында толыққанды жүзеге асырды. Жазушының шығармашылық жолындағы үлкен белестің бірі де осы «Қилы заман» романы болатын. Аталған шығарма жазушының шығармашылық эволюциясын, күрделі прозалық жанрда тарихи мәні бар құбылыстарды меңгеруге, ұғынуға көмектеседі. Шығармада автор ХХ ғасырдың алғашқы жылдары Ресей патшалығының қазақ халқына жасаған отаршылдық зардаптарын батыл суреттейді. Шығарма жазылған уақытта Мұхтар Әуезов Ленинград Мемлекеттік университетінің студенті еді. Роман 1928 жылы Қызылорда қаласында «Қазақстан» баспасынан жарыққа шықты. \"Қилы заман\" 1916 жылы қазақ даласында орын алған ұлт-азаттық көтерілісін суреттеуге арналған қазақ әдебиетіндегі тұңғыш саяси роман. Алаш жолы – қазақ жолы екенін ұғынған жазушы халқымен бірге өзі де «қилы тағдырды» басынан кешіп, алаш аманатын біздің дәуірге жеткізді. Мақалада М.Әуезовтің «Қилы заман» романы зерттеу нысанына алынып, оның жанрлық ерекшелігіне, тарихи-саяси маңызына тоқталып, отаршылдыққа қарсы азаттық идеясы постотарлық көзқараспен сараланады.","PeriodicalId":509659,"journal":{"name":"Turkology","volume":null,"pages":null},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-09-27","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Turkology","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.59358/ayt.1336469","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар сөзінің биік парасаты – Абай даналығынан көрінсе, сол дәстүрді кейінгі әдебиетте Алаш қайраткерлері қайта жаңғыртты. Алаш қайраткерлері сол замандағы қандай қиындыққа да төтеп беріп, ХХ ғасыр басында ел мәдениеті мен әдебие¬тін жаңаша дамытуға бар-күш-жігерін жұмсады. Алаш қозғалысына атсалысқан қайраткерлердің бірі жазушы Мұхтар Әуезов қазақ жұртының ұлттық намысын оятуға, тарихи сананың жаңғыруына айрықша еңбек етті. Алаш идеясы – жас жазушының көзқарасын қалыптастырған үлкен саяси мектеп еді. Алаш жолындағы қайраткерлік миссиясын М.Әуезов өзінің «Қилы заман» романында толыққанды жүзеге асырды. Жазушының шығармашылық жолындағы үлкен белестің бірі де осы «Қилы заман» романы болатын. Аталған шығарма жазушының шығармашылық эволюциясын, күрделі прозалық жанрда тарихи мәні бар құбылыстарды меңгеруге, ұғынуға көмектеседі. Шығармада автор ХХ ғасырдың алғашқы жылдары Ресей патшалығының қазақ халқына жасаған отаршылдық зардаптарын батыл суреттейді. Шығарма жазылған уақытта Мұхтар Әуезов Ленинград Мемлекеттік университетінің студенті еді. Роман 1928 жылы Қызылорда қаласында «Қазақстан» баспасынан жарыққа шықты. "Қилы заман" 1916 жылы қазақ даласында орын алған ұлт-азаттық көтерілісін суреттеуге арналған қазақ әдебиетіндегі тұңғыш саяси роман. Алаш жолы – қазақ жолы екенін ұғынған жазушы халқымен бірге өзі де «қилы тағдырды» басынан кешіп, алаш аманатын біздің дәуірге жеткізді. Мақалада М.Әуезовтің «Қилы заман» романы зерттеу нысанына алынып, оның жанрлық ерекшелігіне, тарихи-саяси маңызына тоқталып, отаршылдыққа қарсы азаттық идеясы постотарлық көзқараспен сараланады.