{"title":"\"ӘЛЕМНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ДИСКУРС: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ \"","authors":"С. Ж. Ерғалиева, Е. Б. Асанбаева, Б. Ж. Сарыбаева","doi":"10.48081/ldbr4193","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақала қазіргі тіл білімінде кеңінен түсіндіріліп жүрген «әлемнің тілдік бейнесі», «әлемнің ұлттық бейнесі», «әлемнің құндылық бейнесі» құбылыстарының ерекшеліктерін зерделеуге арналған. Авторлар мәселені ашып, тіл мен мәдениет, тіл мен ұлттық құндылық сияқты категориялардың байланысын сипаттайды. Зерттеудің мақсаты – әлемнің тілдік бейнесінің сипаттамалық ерекшеліктерін саралау, сонымен қатар әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің өзіндік өзгешелігін қарастыру. Жұмыста әлемнің тілдік бейнесінің күрделі табиғаты туралы жалпы тіл білімінде қалыптасқан ғалымдардың көзқарастары сипатталып талданады, аталған ұғым-түсініктер түйінделеді. Солардың негізінде авторлар тарапынан шығарылған өзіндік анықтамалар ұсынылып, пайымдаулары жан-жақты ашылып көрсетіледі. Жүргізілген зерттеу нәтижелері виртуалды коммуникациядағы қажетті критерий болып табылатын ұлттық менталитетті терең түсінуге мүмкіндік береді. Мәтіннің жаңа түрін зерттеу дәстүр арқылы қайта құрылатын виртуалды тілдік тұлғаның портретін жасауға көмектеседі, әлемнің қарапайым тілдік бейнесін тұжырымдамалық тұрғыда зерделеу мәтін материалында ұсынылған әлем бейнесінің құндылық аспектісіне қызығушылық тудырады. Виртуалды тілдік тұлға ұлттық мұра мен мәдениеттің тасымалдаушысы болып табылады. Өйткені ол мәтіндерде көрінетін өзіндік дүниетанымы мен стереотиптері бар белгілі бір лингвомәдени қоғамдастыққа жатады. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"7 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/ldbr4193","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
"ӘЛЕМНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ДИСКУРС: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ "
"Мақала қазіргі тіл білімінде кеңінен түсіндіріліп жүрген «әлемнің тілдік бейнесі», «әлемнің ұлттық бейнесі», «әлемнің құндылық бейнесі» құбылыстарының ерекшеліктерін зерделеуге арналған. Авторлар мәселені ашып, тіл мен мәдениет, тіл мен ұлттық құндылық сияқты категориялардың байланысын сипаттайды. Зерттеудің мақсаты – әлемнің тілдік бейнесінің сипаттамалық ерекшеліктерін саралау, сонымен қатар әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің өзіндік өзгешелігін қарастыру. Жұмыста әлемнің тілдік бейнесінің күрделі табиғаты туралы жалпы тіл білімінде қалыптасқан ғалымдардың көзқарастары сипатталып талданады, аталған ұғым-түсініктер түйінделеді. Солардың негізінде авторлар тарапынан шығарылған өзіндік анықтамалар ұсынылып, пайымдаулары жан-жақты ашылып көрсетіледі. Жүргізілген зерттеу нәтижелері виртуалды коммуникациядағы қажетті критерий болып табылатын ұлттық менталитетті терең түсінуге мүмкіндік береді. Мәтіннің жаңа түрін зерттеу дәстүр арқылы қайта құрылатын виртуалды тілдік тұлғаның портретін жасауға көмектеседі, әлемнің қарапайым тілдік бейнесін тұжырымдамалық тұрғыда зерделеу мәтін материалында ұсынылған әлем бейнесінің құндылық аспектісіне қызығушылық тудырады. Виртуалды тілдік тұлға ұлттық мұра мен мәдениеттің тасымалдаушысы болып табылады. Өйткені ол мәтіндерде көрінетін өзіндік дүниетанымы мен стереотиптері бар белгілі бір лингвомәдени қоғамдастыққа жатады. "