{"title":"\"ПРЕЦЕДЕНТТІ ҚҰБЫЛЫС ЖӘНЕ ГАЗЕТ МӘТІНІ \"","authors":"None А. Ш. Каппасова, None А. С. Адилова","doi":"10.48081/icwg2355","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақалада қазіргі күні филология ғылымында жан-жақты зерттеліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі – шығармашылық стиль мәтіндерінің вербалды қабатындағы интертекстуалдылық құбылысы қарастырылады. Соңғы жылдары түрлі мәтіндер фрагменттері газет тілінде белсенді қолданылып жүр. Журналистер тарапынан тақырып құруда пайда болған жаңа формат – цитация құбылысы немесе интертекстуалдылық. Мақалада осы форма оқырманның назарын аудару, мәтін тақырыбын ерекшелеу, ықшамды түрде беру мақсатында қолданылады және прецедентті мәтіндер арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ прецедентті мәтінге сілтеме жасау арқылы ақпарат алушы адам қойылған тақырыпты түсіну үшін өзінің ойлау белсенділігін, көзқарасын одан әрі арттыра түседі. Тақырыптың басты қызметі – ақпараттық және номинативтік. Мәтін тақырыбы оқырманның мәтінге деген қызығушылығын танытуда, белгілі бір жаңалыққа, мәселеге деген эмоционалды қатынасын тудыруда негізгі орын алады. Оқырманның өзіндік көзқарасын қалыптастырады, оның есте сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәтін тақырыбының осындай атқаратын қызметтерін дәл бере білетін – прецедентті құбылыс арқылы жасалған тақырып атаулары қарастырылады. Нәтижесінде мақалада отандық газет материалдары тақырыптарында цитация қағидаты арқылы көрінетін прецедентті мәтіндер қызметі зерттеледі. Олардың ерекшелігі, қолданысы талдау, жинақтау, салыстырмалы, сипаттамалық әдістері арқылы талданады. Кілтті сөздер: интертекстуалдылық, мәтін, прецедентті мәтін, газет тілі, «Стокгольм синдромы», прецедентті феномен. \"","PeriodicalId":491498,"journal":{"name":"Вестник Торайгыров университета","volume":"21 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-09-29","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Вестник Торайгыров университета","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/icwg2355","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Мақалада қазіргі күні филология ғылымында жан-жақты зерттеліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі – шығармашылық стиль мәтіндерінің вербалды қабатындағы интертекстуалдылық құбылысы қарастырылады. Соңғы жылдары түрлі мәтіндер фрагменттері газет тілінде белсенді қолданылып жүр. Журналистер тарапынан тақырып құруда пайда болған жаңа формат – цитация құбылысы немесе интертекстуалдылық. Мақалада осы форма оқырманның назарын аудару, мәтін тақырыбын ерекшелеу, ықшамды түрде беру мақсатында қолданылады және прецедентті мәтіндер арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ прецедентті мәтінге сілтеме жасау арқылы ақпарат алушы адам қойылған тақырыпты түсіну үшін өзінің ойлау белсенділігін, көзқарасын одан әрі арттыра түседі. Тақырыптың басты қызметі – ақпараттық және номинативтік. Мәтін тақырыбы оқырманның мәтінге деген қызығушылығын танытуда, белгілі бір жаңалыққа, мәселеге деген эмоционалды қатынасын тудыруда негізгі орын алады. Оқырманның өзіндік көзқарасын қалыптастырады, оның есте сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәтін тақырыбының осындай атқаратын қызметтерін дәл бере білетін – прецедентті құбылыс арқылы жасалған тақырып атаулары қарастырылады. Нәтижесінде мақалада отандық газет материалдары тақырыптарында цитация қағидаты арқылы көрінетін прецедентті мәтіндер қызметі зерттеледі. Олардың ерекшелігі, қолданысы талдау, жинақтау, салыстырмалы, сипаттамалық әдістері арқылы талданады. Кілтті сөздер: интертекстуалдылық, мәтін, прецедентті мәтін, газет тілі, «Стокгольм синдромы», прецедентті феномен. "