{"title":"«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ","authors":"М. Т. Джакыпбекова, Ш. А. Кыяхметова","doi":"10.48081/lmhl5224","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Бұл мақалада «Қобыланды батыр» жырындағы этнографизмдер жинақталып, қолданыс аясы тұрғысынан түрлері жіктеліп, танымдық мәні айқындалды. Қазақ этнографиясының маңызды қабаттарының бірі – этнографизмдерді кешенді зерттеудің өзіндік тәжірибесін ұсынатын бұл мақалада зерттеуші-ғалымдар Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, З. Сәніктің еңбектері басшылыққа алынды. Аталған еңбектерде этнографимзмдер тарихпен, мәдениетпен, өнермен бірлікте талданылған, сондай-ақ қазақ тілінің этнографиялық лексикасын қалыптастырудың құрылымы, негізгі әдістері мен түрлері егжей-тегжейлі қарастырылған. Осы теориялық еңбектерді басшылыққа ала отырып, осы еңбектердің негізінде мақалада батырлық жырдан жинақталған этнографизмдер тақырыптық топтарға жіктеліп, олардың танымдық сипаты қарастырылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы батырлық жырдан жинақталған этнографиялық лексика номинациясының қолданыс аясындағы түрлерінің жіктеліп, танымдық сипатының анықталатындығында. Зерттеудің практикалық құндылығы батырлық жырдан жинақталған этнографизмдер және олардың анықталған сипатты белгілері қазақ тілінің түсіндірме, этнолингвистикалық сөздіктерін құрастыруда және этнографиялық глоссарийлердің тізімін толтыру, олардың мағынасын нақтылау, сондай-ақ оларды қазақ әдеби тіліне енгізу мақсатында қолдануға болатындығымен анықталады. Мақала нәтижелері қазақ тілінің сөздік құрамын, тарихи лексикологиясын, қазақ этнографиясын зерттеуге өзіндік бір үлес қосады және қазақ тіл білімінің перспективалы бағыттарының бірі ретінде этнолингвистиканың дамуына ықпал етеді. Кілтті сөздер: батырлық жыр, этнографизм, таным, этнографиялық лексика, мәдениет. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"13 6","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-31","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/lmhl5224","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Бұл мақалада «Қобыланды батыр» жырындағы этнографизмдер жинақталып, қолданыс аясы тұрғысынан түрлері жіктеліп, танымдық мәні айқындалды. Қазақ этнографиясының маңызды қабаттарының бірі – этнографизмдерді кешенді зерттеудің өзіндік тәжірибесін ұсынатын бұл мақалада зерттеуші-ғалымдар Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, З. Сәніктің еңбектері басшылыққа алынды. Аталған еңбектерде этнографимзмдер тарихпен, мәдениетпен, өнермен бірлікте талданылған, сондай-ақ қазақ тілінің этнографиялық лексикасын қалыптастырудың құрылымы, негізгі әдістері мен түрлері егжей-тегжейлі қарастырылған. Осы теориялық еңбектерді басшылыққа ала отырып, осы еңбектердің негізінде мақалада батырлық жырдан жинақталған этнографизмдер тақырыптық топтарға жіктеліп, олардың танымдық сипаты қарастырылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы батырлық жырдан жинақталған этнографиялық лексика номинациясының қолданыс аясындағы түрлерінің жіктеліп, танымдық сипатының анықталатындығында. Зерттеудің практикалық құндылығы батырлық жырдан жинақталған этнографизмдер және олардың анықталған сипатты белгілері қазақ тілінің түсіндірме, этнолингвистикалық сөздіктерін құрастыруда және этнографиялық глоссарийлердің тізімін толтыру, олардың мағынасын нақтылау, сондай-ақ оларды қазақ әдеби тіліне енгізу мақсатында қолдануға болатындығымен анықталады. Мақала нәтижелері қазақ тілінің сөздік құрамын, тарихи лексикологиясын, қазақ этнографиясын зерттеуге өзіндік бір үлес қосады және қазақ тіл білімінің перспективалы бағыттарының бірі ретінде этнолингвистиканың дамуына ықпал етеді. Кілтті сөздер: батырлық жыр, этнографизм, таным, этнографиялық лексика, мәдениет. "