{"title":"ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ","authors":"Б. Б. Жахина","doi":"10.48081/wsaq8854","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Мақалада жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілінен оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тілдің негізгі салаларымен байланыста тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің рөлі сөз болады. Осыған орай, әдістеме ғылымында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталынады. Әрі мақалада тіл дамыту жұмыстары теориясының функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесінің негізі болатындығы айтылады. Негізінен,оқушы тұлғаның функционалдық сауаттылығының қалыптасуы тілдік тақырыптарды терең түсініп, лингвистикалық негізін танумен байланысты. Мәселен, сөздік құрамдағы сөздердің семантикалық ерекшелігін, қолданылу аясын білмейтін адам сауатты сөйлей де алмайды. Сондықтан мақалада тіл дамыту жұмыстары сөздің лексика-семантикалық топтарымен байланыста жүргізілуі керектігі сөз болады. Осы ретте тіл дамыту жұмыстарын тілдік тақырыптармен байланысты жүргізудің рөлі жөнінде зерттеген ғалымдардың көзқарастары сараланады. Әрі ғалымдардың көзқарастарында да тіл дамыту жұмыстарының функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың негізі болатындығы байқалады. Мақалада тіл дамытудың теориялық мәселесін тек қана лексика-грамматикалық заңдылықтарды, жалпы тілдік тұлғаларды жаттанды түрде үйретіп қана емес, сөзді қызмет ету аясында, сөздің функционалдық қызметін таныту барысында шешуге болатындығы айтылады. Осы орайда, мақалада тіл дамыту жұмыстарының негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға болатындығы көрінеді.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"48 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-06-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/wsaq8854","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Мақалада жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілінен оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тілдің негізгі салаларымен байланыста тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің рөлі сөз болады. Осыған орай, әдістеме ғылымында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталынады. Әрі мақалада тіл дамыту жұмыстары теориясының функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесінің негізі болатындығы айтылады. Негізінен,оқушы тұлғаның функционалдық сауаттылығының қалыптасуы тілдік тақырыптарды терең түсініп, лингвистикалық негізін танумен байланысты. Мәселен, сөздік құрамдағы сөздердің семантикалық ерекшелігін, қолданылу аясын білмейтін адам сауатты сөйлей де алмайды. Сондықтан мақалада тіл дамыту жұмыстары сөздің лексика-семантикалық топтарымен байланыста жүргізілуі керектігі сөз болады. Осы ретте тіл дамыту жұмыстарын тілдік тақырыптармен байланысты жүргізудің рөлі жөнінде зерттеген ғалымдардың көзқарастары сараланады. Әрі ғалымдардың көзқарастарында да тіл дамыту жұмыстарының функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың негізі болатындығы байқалады. Мақалада тіл дамытудың теориялық мәселесін тек қана лексика-грамматикалық заңдылықтарды, жалпы тілдік тұлғаларды жаттанды түрде үйретіп қана емес, сөзді қызмет ету аясында, сөздің функционалдық қызметін таныту барысында шешуге болатындығы айтылады. Осы орайда, мақалада тіл дамыту жұмыстарының негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға болатындығы көрінеді.