{"title":"Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау","authors":"Шынар Манаповна Багиева","doi":"10.47344/iysw.v9i0.132","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ.Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә.Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.Кілт сөздер: латын әліпбиі, қазақ жазуы, әдістеме.","PeriodicalId":117909,"journal":{"name":"Proceedings of International Young Scholars Workshop","volume":null,"pages":null},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2020-06-08","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Proceedings of International Young Scholars Workshop","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.47344/iysw.v9i0.132","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ.Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә.Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.Кілт сөздер: латын әліпбиі, қазақ жазуы, әдістеме.