{"title":"ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІНДЕГІ «ЕҢБЕК» АССОЦИАТИВТІ ӨРІСІ","authors":"Г. А. Кузембаева","doi":"10.48081/unqy7861","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Әртүрлі мәдениеттерде елдің дамуы және жеке тұлғаның өмірі мен іс-әрекет етуіне тікелей қатысы бар еңбек негізгі құндылықтар қатарына жатады. Алайда, сол мәдениеттерде еңбектің концептуалдануы адамның дүниетанымы мен қоршаған дүниені тануы арасындағы басқа мәдениет өкілдерінен айырмашылығымен айқындалады. Орыс тілі мен мәдениеті өкілдері үшін еңбек тарихи тұрғыдан байлыққа жетуге бағытталмаған адамның маңызды іс-әрекеті болса, американдық лингвомәдениетте еңбек жақсы қаржылық жағдай, белгілі бір өмір деңгейін сақтау үшін емес, рахат алу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал неміс азаматы үшін еңбек тәртіп пен ұқыптылық, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және ептілік секілді ұғымдардан тұрады. Осыда тұрғыда, бұл зерттеудің мақсаты қазақ тілі мен мәдениеті өкілдерінің тілдік санасында еңбектің концептуалдануын, оның этномәдени ерекшеліктерін айқындау және оны ассоциативті өріс түрінде бейнелеу болып табылады. Негізгі зерттеу әдісі 225 қазақ тілі мен мәдениеті өкілдерінің арасында өткізілген еркін ассоциативті эксперимент болды. «Еңбек» ынталандырушы сөзін қолданып өткізілген еркін ассоциативті эксперимент нәтижесінде ЕҢБЕК ассоциативті өрісі (300/95/53) қазақ тілдік санасында еңбектің күнделікті, ауыр, өмірлік жұмыс / адал, көп тер төгіп, болашағың үшін жұмыс жасау, маңдай, қара, таза төккен тер / көп тер төгу, ақша табу сияқты ұғымдармен ассоциацияланатындығын айқындады. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"16 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-12-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/unqy7861","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Әртүрлі мәдениеттерде елдің дамуы және жеке тұлғаның өмірі мен іс-әрекет етуіне тікелей қатысы бар еңбек негізгі құндылықтар қатарына жатады. Алайда, сол мәдениеттерде еңбектің концептуалдануы адамның дүниетанымы мен қоршаған дүниені тануы арасындағы басқа мәдениет өкілдерінен айырмашылығымен айқындалады. Орыс тілі мен мәдениеті өкілдері үшін еңбек тарихи тұрғыдан байлыққа жетуге бағытталмаған адамның маңызды іс-әрекеті болса, американдық лингвомәдениетте еңбек жақсы қаржылық жағдай, белгілі бір өмір деңгейін сақтау үшін емес, рахат алу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал неміс азаматы үшін еңбек тәртіп пен ұқыптылық, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және ептілік секілді ұғымдардан тұрады. Осыда тұрғыда, бұл зерттеудің мақсаты қазақ тілі мен мәдениеті өкілдерінің тілдік санасында еңбектің концептуалдануын, оның этномәдени ерекшеліктерін айқындау және оны ассоциативті өріс түрінде бейнелеу болып табылады. Негізгі зерттеу әдісі 225 қазақ тілі мен мәдениеті өкілдерінің арасында өткізілген еркін ассоциативті эксперимент болды. «Еңбек» ынталандырушы сөзін қолданып өткізілген еркін ассоциативті эксперимент нәтижесінде ЕҢБЕК ассоциативті өрісі (300/95/53) қазақ тілдік санасында еңбектің күнделікті, ауыр, өмірлік жұмыс / адал, көп тер төгіп, болашағың үшін жұмыс жасау, маңдай, қара, таза төккен тер / көп тер төгу, ақша табу сияқты ұғымдармен ассоциацияланатындығын айқындады. "