{"title":"Қазақ әдебиетіндегі кейіпкер болмысы: өзгеріс пен ұласу","authors":"С. Т. Елікпаев, Б. Қ. Қапасова, Д. А. Кожас","doi":"10.48081/jgkx5150","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Қазақ әдебиетіндегі кешең зерттелген тақырыптың бірі кейіпкер болмысы. Бұған басты себеп кейінгі мол зерттеулер кезінде қазақ кейіпкерін жеке қарап зерттеу мүмкін болмай қалды. Патшалық Ресей, кеңестік кезеңде қазақ әдебиеті қосалқы, тіркемелі әдебиет есебінде зерттеліп келді. Алдыңғы қатарлы әдебиет орыс әдебиеті деп саналып, қазақ әдебиеті үлгі алушы шамасында ғана қалды. Бұл өз кезегінде дербес зерттеулерге мүмкіндік бермеді. Тіпті қазақ әдебиетіндегі Алпамыс, Қобыланды тектес, аға батырлар қағажу көріп әртүрлі шектеулерден шыға алмады. Тіпті бұл кейіпкерлер әдебиет ішінен алынып тасталып, оқытылмай қалды. Бұған себеп олар ұлт пен жұрт батырлары еді. Ұлт санасын оятпау үшін ел өзегіндегі негізгі кейіпкерлердің тілерсегі қиылды. Ал кейіпкер болмысы қатпар сыр мен кешенді қабаттардан тұрады. Кейіпкер ғұмыр кешкен уақыт, оның арман мен бағытты, мақсаты, мұраты мен тілегі бәрі жиналып келіп сол шақтағы кейіпкер ғана емес соны жасаушы халықтың хал-жағдайынан хабар береді. Кейіпкері өскен кемелденген елдің бодан болуы өте қиын. Қай қиналған тұста да рух демеушісі болып сенделген милләтін серпілте берері анық. Сондықтан жаулап алушы, басқыншы әр ел бағынушысының рух бағындағы бәйтеректерін,әдебиет қаһармандарын мансұқтауға тырысады. Биік мұратты ел өз әдеби кейіпкерін, жадында сақтап, үкілеп аялап уақыт желінде өлтіріп алмауға тырысады. Біздің бұл мақаламыз ұлт кейіпкерін зерттеуге жасалған бір қадам. Әдебиет тіні, негізгі өзегі кейіпкер болып қала бермек. Басқа жол жоқ. Ұлт жаңарып түлегенде, барлық керексізін лақтырып тастаса да әдебиетінен, сүйікті кейіпкерінен ажырауы мүмкін емес. Кілтті сөздер: кейіпкер болмысы, өзгеріс, ұлт мұраты, кейіпкер жаны, рух тірегі, қазақ әдебиеті, әдебиет тіні \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"34 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-31","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"1","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/jgkx5150","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 1
Abstract
"Қазақ әдебиетіндегі кешең зерттелген тақырыптың бірі кейіпкер болмысы. Бұған басты себеп кейінгі мол зерттеулер кезінде қазақ кейіпкерін жеке қарап зерттеу мүмкін болмай қалды. Патшалық Ресей, кеңестік кезеңде қазақ әдебиеті қосалқы, тіркемелі әдебиет есебінде зерттеліп келді. Алдыңғы қатарлы әдебиет орыс әдебиеті деп саналып, қазақ әдебиеті үлгі алушы шамасында ғана қалды. Бұл өз кезегінде дербес зерттеулерге мүмкіндік бермеді. Тіпті қазақ әдебиетіндегі Алпамыс, Қобыланды тектес, аға батырлар қағажу көріп әртүрлі шектеулерден шыға алмады. Тіпті бұл кейіпкерлер әдебиет ішінен алынып тасталып, оқытылмай қалды. Бұған себеп олар ұлт пен жұрт батырлары еді. Ұлт санасын оятпау үшін ел өзегіндегі негізгі кейіпкерлердің тілерсегі қиылды. Ал кейіпкер болмысы қатпар сыр мен кешенді қабаттардан тұрады. Кейіпкер ғұмыр кешкен уақыт, оның арман мен бағытты, мақсаты, мұраты мен тілегі бәрі жиналып келіп сол шақтағы кейіпкер ғана емес соны жасаушы халықтың хал-жағдайынан хабар береді. Кейіпкері өскен кемелденген елдің бодан болуы өте қиын. Қай қиналған тұста да рух демеушісі болып сенделген милләтін серпілте берері анық. Сондықтан жаулап алушы, басқыншы әр ел бағынушысының рух бағындағы бәйтеректерін,әдебиет қаһармандарын мансұқтауға тырысады. Биік мұратты ел өз әдеби кейіпкерін, жадында сақтап, үкілеп аялап уақыт желінде өлтіріп алмауға тырысады. Біздің бұл мақаламыз ұлт кейіпкерін зерттеуге жасалған бір қадам. Әдебиет тіні, негізгі өзегі кейіпкер болып қала бермек. Басқа жол жоқ. Ұлт жаңарып түлегенде, барлық керексізін лақтырып тастаса да әдебиетінен, сүйікті кейіпкерінен ажырауы мүмкін емес. Кілтті сөздер: кейіпкер болмысы, өзгеріс, ұлт мұраты, кейіпкер жаны, рух тірегі, қазақ әдебиеті, әдебиет тіні "