{"title":"ХОШ ИІСТІ КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН СИПАТТАЙТЫН ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ","authors":"Т. Бижігітов, А. Н. Аманбаева, Ә. Д. Баймахан","doi":"10.48081/axtm5207","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақалада хош иісті көмірсутектердегі серпімді және қума толқынның қалыпты қысымдағы жылдамдығының және тығыздықтарының температураға тәуелділігін тәжірибе жүзінде анықтау, олардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын коэффициеттеріне температураның әсерін есептеп табуға мүмкіндік береді. Яғни мұнай өнімдерінен алынатын медициналық дәрі-дәрмектердің, өндіріс орындарында, техникада, энергетикада қолданылатын заттардың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді. Этилбензол және хлорбензол сутектерінің изотермиялық, адиабаталық, сығылғыштық коэффициенттерінің және ондағы қума толқын жылдамдығының температураға тәуелділігі (300–400)К температура аралығында алғаш рет зерттеліп отыр. Таңдап алынған үлгілердегі қума толқын жылдамдығының температураға тәуелділігін өлшейтін қондырғы жинастырылып, атмосфералық қысымда изотермиялық, адиабаталық коэффициенттері мен тұрақты қысымдағы жылусыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылусыйымдылыққа қатынасының температураға тәуелділіктерінің графиктері тұрғызылып, алынған нәтижелерге-түсініктемелер берілген. Үлгілерді зерттеу мақсатында импульстік ультрадыбыстық қондырғы жинастырылды. Жылудан оқшауланған ыдыстың ішіне зерттелетін үлгінің температурасы температурареттегіштен, терможұптан, айнымалы ток көзінен тұратын жүйенің көмегімен автоматты түрде 10К өзгертіліп дәлелділікпен өлшеніп отырылды. Қума толқынның көзі және қабылдағыш ретінде жиілігі 10 МГц кварцтан жасалған пьезоэлемент қолданылды. Сұйықтардың тығыздықтарының температураға тәуелділіктері арнайы ыдыста ареометрді пайдаланып өлшедік. Ал адиабаталық, изотермиялық коэффициенттері мен жылусыйымдылықтарының температураға тәуелділігін физикада белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып есептедік. Тәжірибелік өлшеулер үшін жинастырылған қондырғының элементтері арнайы дүкендерге тапсырыс беру арқылы сатылып алынды. Кілтті сөздер: серпімді толқындар, изотермиялық, адиабаталық коэффициенттер, жылусыйымдылықтар, пьезоэлемент.\"","PeriodicalId":204660,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series","volume":"90 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-12-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/axtm5207","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Мақалада хош иісті көмірсутектердегі серпімді және қума толқынның қалыпты қысымдағы жылдамдығының және тығыздықтарының температураға тәуелділігін тәжірибе жүзінде анықтау, олардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын коэффициеттеріне температураның әсерін есептеп табуға мүмкіндік береді. Яғни мұнай өнімдерінен алынатын медициналық дәрі-дәрмектердің, өндіріс орындарында, техникада, энергетикада қолданылатын заттардың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді. Этилбензол және хлорбензол сутектерінің изотермиялық, адиабаталық, сығылғыштық коэффициенттерінің және ондағы қума толқын жылдамдығының температураға тәуелділігі (300–400)К температура аралығында алғаш рет зерттеліп отыр. Таңдап алынған үлгілердегі қума толқын жылдамдығының температураға тәуелділігін өлшейтін қондырғы жинастырылып, атмосфералық қысымда изотермиялық, адиабаталық коэффициенттері мен тұрақты қысымдағы жылусыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылусыйымдылыққа қатынасының температураға тәуелділіктерінің графиктері тұрғызылып, алынған нәтижелерге-түсініктемелер берілген. Үлгілерді зерттеу мақсатында импульстік ультрадыбыстық қондырғы жинастырылды. Жылудан оқшауланған ыдыстың ішіне зерттелетін үлгінің температурасы температурареттегіштен, терможұптан, айнымалы ток көзінен тұратын жүйенің көмегімен автоматты түрде 10К өзгертіліп дәлелділікпен өлшеніп отырылды. Қума толқынның көзі және қабылдағыш ретінде жиілігі 10 МГц кварцтан жасалған пьезоэлемент қолданылды. Сұйықтардың тығыздықтарының температураға тәуелділіктері арнайы ыдыста ареометрді пайдаланып өлшедік. Ал адиабаталық, изотермиялық коэффициенттері мен жылусыйымдылықтарының температураға тәуелділігін физикада белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып есептедік. Тәжірибелік өлшеулер үшін жинастырылған қондырғының элементтері арнайы дүкендерге тапсырыс беру арқылы сатылып алынды. Кілтті сөздер: серпімді толқындар, изотермиялық, адиабаталық коэффициенттер, жылусыйымдылықтар, пьезоэлемент."