{"title":"«Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәні және олардың зерттелу жайы","authors":"Г.А. Арынова, Айхан Урал","doi":"10.31489/2023ped1/72-84","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Интеллект мәселесі қанша ғасырлар бойы зерттеліп келе жатса да, оның табиғаты толық танылды деп айту қиын. Өйткені адамзат қоғамының дамуы алға қарай жүрген сайын, адамның барлық саладағы қызметі, іс-әрекеті дами бермекші. Ал уақыттың әрбір сәті жаңа интеллектуалдық әрекетті қажет етеді. Осыған орай бұл мақалада өмірдің барлық саласындағы интеллекті және интеллектуалдандыру мәселесін зерттеу қажеттігі дәлелденген. «Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәніне талдау жасалып, интеллект түрлері сипатталған. Әл-Кинди, Әбу Насыр әл-Фараби және басқа ғалымдардың интеллект туралы жіктемелері келтіріліп, әрқайсысының мазмұнына түсінік берілген. Адамның интеллектуалдық әрекеті дамыған сайын оның мінез-құлықтарындағы вариативтілік, икемделгіш мінезқұлық та зорайып, жаңа өлшемдерге ене бастайтыны көрсетілген. Демек, интеллект тұтас тұлғаның дамуының кіндік қазығы болып табылады. Өйткені адамның өзін қоршаған адамдармен, ортамен қарымқатынасының дұрыс болуы, ең алдымен, оның интеллектісіне байланысты. Сонымен қатар мақалада әлеуметтік интеллект адамның басқа адамдармен үйлесіп, тіл табысуынан және әлеуметтік мәселелерді жақсы білетіндігінен, топтағы басқа адамдардың пікірін қабылдай алатынынан танылатыны жөнінде айтылған. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адамның сипаттары қарастырылған. Әлеуметтік интеллект адамның белгілі бір топқа, әлеумет ортасына, тұтас қоғамға өзінің адамындай еніп кете алуы үшін, тұлғааралық, кәсіби қарым-қатынастарды талапқа сай құра алуы және соны ұстана білуі үшін қажетті қабілеттер жиыны екені анықталған.","PeriodicalId":336594,"journal":{"name":"Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series","volume":"6 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-29","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.31489/2023ped1/72-84","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Интеллект мәселесі қанша ғасырлар бойы зерттеліп келе жатса да, оның табиғаты толық танылды деп айту қиын. Өйткені адамзат қоғамының дамуы алға қарай жүрген сайын, адамның барлық саладағы қызметі, іс-әрекеті дами бермекші. Ал уақыттың әрбір сәті жаңа интеллектуалдық әрекетті қажет етеді. Осыған орай бұл мақалада өмірдің барлық саласындағы интеллекті және интеллектуалдандыру мәселесін зерттеу қажеттігі дәлелденген. «Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәніне талдау жасалып, интеллект түрлері сипатталған. Әл-Кинди, Әбу Насыр әл-Фараби және басқа ғалымдардың интеллект туралы жіктемелері келтіріліп, әрқайсысының мазмұнына түсінік берілген. Адамның интеллектуалдық әрекеті дамыған сайын оның мінез-құлықтарындағы вариативтілік, икемделгіш мінезқұлық та зорайып, жаңа өлшемдерге ене бастайтыны көрсетілген. Демек, интеллект тұтас тұлғаның дамуының кіндік қазығы болып табылады. Өйткені адамның өзін қоршаған адамдармен, ортамен қарымқатынасының дұрыс болуы, ең алдымен, оның интеллектісіне байланысты. Сонымен қатар мақалада әлеуметтік интеллект адамның басқа адамдармен үйлесіп, тіл табысуынан және әлеуметтік мәселелерді жақсы білетіндігінен, топтағы басқа адамдардың пікірін қабылдай алатынынан танылатыны жөнінде айтылған. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адамның сипаттары қарастырылған. Әлеуметтік интеллект адамның белгілі бір топқа, әлеумет ортасына, тұтас қоғамға өзінің адамындай еніп кете алуы үшін, тұлғааралық, кәсіби қарым-қатынастарды талапқа сай құра алуы және соны ұстана білуі үшін қажетті қабілеттер жиыны екені анықталған.