Ж. Ә. Аймұхамбет, С. Ш. Айтуғанова, М. Н. Миразова
{"title":"«ЖАН» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ПОЭТОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ (ПЛАТОННАН ЖӘНЕ МИФ БАЯНДАРЫНАН АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНА ДЕЙІН)","authors":"Ж. Ә. Аймұхамбет, С. Ш. Айтуғанова, М. Н. Миразова","doi":"10.48081/urtd3257","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақалада жан, рух туралы мифологиялық, философиялық, поэтикалық таным негіздері назарға алынады. Көне дәуір ойшылы Платонның жан туралы пайымына және мифтік танымдағы түсініктерге шолу жасалып, поэтикалық кеңістіктегі жан концепциясының интерпретациясы талданады. Талдау барысында жан мен тән туралы тұжырым негіздері түсіндіріліп, Платонның жанның үш бөлшегі және екі өлшемі туралы пікірлері қамтылады. Ақыл, ерік, сезім ұғымдарымен сипатталатын жанның бөлшектері адам баласы үшін қандай қызмет атқаратынын айқындаған Платон ілімі мифтік санамен салыстырылып, көне мысырлық таныммен сабақтастырылады. Талдауға сондай-ақ философиялық пайым, мифтік таныммен салыстырыла поэтологиялық жүйедегі жанның болмысы қарастырылады. Ұлы суреткер Абайдың көркемдік-философиялық тұжырымында ежелгі түсініктен бастау алып, барынша тереңдеген жан концепциясы ерекше орын алатыны ғылыми тұрғыда зерделенеді. Жалпыадамзаттық танымда орныққан сенім – жанның яки рухтың мәңгіліктігі, ажалсыздығы. Адамзаттық биік мұрат – жан тазалығы, рух кемелдігі. Санада сақталған осы ұғым өмірлік қағидаға айналғанына қаншама ғасырлар өтті. Осы қатарда қазақ ұлттық поэзиясының ұлы тұлғасы, ойшыл ақын Абай өлеңдеріндегі жан концепциясын айтуға болады. Абай поэзиясында жан мен тәннің «мен» және «менікі» ұғымдарымен анықталатыны, жанның бөлшектері «ақыл», «қайрат», «жүрек» ұғымдарымен бейнелетіні талдау нысанына алынып, осы бағытта ой қорытылып, тұжырымдар жасалады.","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"35 1 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-31","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/urtd3257","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Мақалада жан, рух туралы мифологиялық, философиялық, поэтикалық таным негіздері назарға алынады. Көне дәуір ойшылы Платонның жан туралы пайымына және мифтік танымдағы түсініктерге шолу жасалып, поэтикалық кеңістіктегі жан концепциясының интерпретациясы талданады. Талдау барысында жан мен тән туралы тұжырым негіздері түсіндіріліп, Платонның жанның үш бөлшегі және екі өлшемі туралы пікірлері қамтылады. Ақыл, ерік, сезім ұғымдарымен сипатталатын жанның бөлшектері адам баласы үшін қандай қызмет атқаратынын айқындаған Платон ілімі мифтік санамен салыстырылып, көне мысырлық таныммен сабақтастырылады. Талдауға сондай-ақ философиялық пайым, мифтік таныммен салыстырыла поэтологиялық жүйедегі жанның болмысы қарастырылады. Ұлы суреткер Абайдың көркемдік-философиялық тұжырымында ежелгі түсініктен бастау алып, барынша тереңдеген жан концепциясы ерекше орын алатыны ғылыми тұрғыда зерделенеді. Жалпыадамзаттық танымда орныққан сенім – жанның яки рухтың мәңгіліктігі, ажалсыздығы. Адамзаттық биік мұрат – жан тазалығы, рух кемелдігі. Санада сақталған осы ұғым өмірлік қағидаға айналғанына қаншама ғасырлар өтті. Осы қатарда қазақ ұлттық поэзиясының ұлы тұлғасы, ойшыл ақын Абай өлеңдеріндегі жан концепциясын айтуға болады. Абай поэзиясында жан мен тәннің «мен» және «менікі» ұғымдарымен анықталатыны, жанның бөлшектері «ақыл», «қайрат», «жүрек» ұғымдарымен бейнелетіні талдау нысанына алынып, осы бағытта ой қорытылып, тұжырымдар жасалады.