{"title":"Интернет-коммуникацияның ерекшелігі","authors":"Н. Х. Ахтаева, Ф. Е. Нанай, Б. Ж. Сарыбаева","doi":"10.48081/cubn5768","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Мақалада бүгінгі таңдағы қарым-қатынастың ерекше түрі – интернет-коммуникацияға қатысты зерттеулер ұсынылады. Интернет-коммуникация күн санап даму үстіндегі өзіне тән заңдылықтары бар, зерттеуді қажет ететін күрделі құбылыс ретінде танылады. Интернет-коммуникацияның қоғамдағы әрекеті негізінде алып келген коммуникативті кеңістік, күнделікті қарым-қатынас салдарынан пайда болып отырған түрлі бағыттағы медиа орта және әлеуметтік, когнитивтік, технологиялық, этикалық маңызды аспектілердің нысан ретіндегі ерекшелігі тарқатылды. Қарым-қатынастың аталмыш түріне қатысты шетелдік ғалымдардың веб ортасы арқылы электрондық мәтінді автоматты сандық талдау, визуалды ақпаратты талдау, интернет блогосферасындағы сөйлеу коммуникациясын зерттеу турасындағы болжамдары сараланады. Тілдік қатынас кезіндегі айтылымды жаңғырту мен қабылдауға бағытталған үрдістер беріліп, бір кеңістікке тоғыстырылған қатынас ретіндегі ерекшелігі талданады. Интернет байланысының ерекшеліктері ретінде танылған «жүйе ашықтығының» байланыстың техникалық белгілеріндегі мультимедиялық сипаты, ресурстарды бөлу, автоматтандырылған мәтінді құру сияқты қызмет түрлерін қамтитындығы тарқатылып, оның да өзіне тән ерекшелігі айқындалады. Интернет-коммуникцияға тән белгілер жүйесі тізбектеліп беріледі. Жалпы интернет-коммуникацияның ерекшеліктерін қарастырған лингвистердің дәйекетемелері негізінде жаңа коммуникативтік технологиялар жағдайындағы тіл жүйесі мен сананың қызмет етуінің өзара әрекеттестігін, интернет тілінің ерекшеліктерін, осы жүйедегі тіл, стиль, медиа-жоба ұғымдарын талқылау және оны деңгейлер бойынша сипаттау, компьютерлік коммуникацияның ауызша және жазбаша қарым-қатынаспен байланысын танытады. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"16 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-31","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/cubn5768","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Мақалада бүгінгі таңдағы қарым-қатынастың ерекше түрі – интернет-коммуникацияға қатысты зерттеулер ұсынылады. Интернет-коммуникация күн санап даму үстіндегі өзіне тән заңдылықтары бар, зерттеуді қажет ететін күрделі құбылыс ретінде танылады. Интернет-коммуникацияның қоғамдағы әрекеті негізінде алып келген коммуникативті кеңістік, күнделікті қарым-қатынас салдарынан пайда болып отырған түрлі бағыттағы медиа орта және әлеуметтік, когнитивтік, технологиялық, этикалық маңызды аспектілердің нысан ретіндегі ерекшелігі тарқатылды. Қарым-қатынастың аталмыш түріне қатысты шетелдік ғалымдардың веб ортасы арқылы электрондық мәтінді автоматты сандық талдау, визуалды ақпаратты талдау, интернет блогосферасындағы сөйлеу коммуникациясын зерттеу турасындағы болжамдары сараланады. Тілдік қатынас кезіндегі айтылымды жаңғырту мен қабылдауға бағытталған үрдістер беріліп, бір кеңістікке тоғыстырылған қатынас ретіндегі ерекшелігі талданады. Интернет байланысының ерекшеліктері ретінде танылған «жүйе ашықтығының» байланыстың техникалық белгілеріндегі мультимедиялық сипаты, ресурстарды бөлу, автоматтандырылған мәтінді құру сияқты қызмет түрлерін қамтитындығы тарқатылып, оның да өзіне тән ерекшелігі айқындалады. Интернет-коммуникцияға тән белгілер жүйесі тізбектеліп беріледі. Жалпы интернет-коммуникацияның ерекшеліктерін қарастырған лингвистердің дәйекетемелері негізінде жаңа коммуникативтік технологиялар жағдайындағы тіл жүйесі мен сананың қызмет етуінің өзара әрекеттестігін, интернет тілінің ерекшеліктерін, осы жүйедегі тіл, стиль, медиа-жоба ұғымдарын талқылау және оны деңгейлер бойынша сипаттау, компьютерлік коммуникацияның ауызша және жазбаша қарым-қатынаспен байланысын танытады. "