ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МӘНМӘТІНІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Т. Б. Килыбаев, Б. Молдағали, Ш. А. Акимбекова
{"title":"ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МӘНМӘТІНІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ","authors":"Т. Б. Килыбаев, Б. Молдағали, Ш. А. Акимбекова","doi":"10.48081/jgsv3296","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"ХХІ ғасыр ғылым мен білім берудегі қарама-қайшылықтардың жаһандануымен, олардың адамзаттың жалпы мәселелерімен байланыстарының күшеюімен сипатталады. Қазіргі әлемдік ғылым-білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптары бойынша оқу процесінің басты тұлғасы, субъектісі – білім алушылардың функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігі болып саналады. Ғаламдық кеңістіктегі ғылым-білім саласындағы ортақ мәселенің бірі – академиялық жазылымға келіп тіреледі. Тілді жақсы білу академиялық жазылым дағдысын автоматты түрде жақсы игереді дегенді білдірмейді. Академиялық жазылым көп жағдайда тек жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жоғары білім беру жүйесінде қызмет етуші зерттеушілерге ғана керек дүние ретінде қабылданады. Кез-келген ғылымның дамуы қазіргі таңда оқшауланған стильде емес, керісінше жаһандық деңгейде өзге елдердегі ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен таныса отыра дамуды көздейтін ерекше құбылыс. Бұл әлемдік ғылымның берік ұстанып отырған заманауи тренді. Әрине, осы орайда жаһандық тіл – ағылшын тіліндегі тың жұмыстармен танысу әрі оларды пайдалану академиялық жазылымның негіздерін, басты принциптерін білуді талап етеді. Бұл мақалада авторлар академиялық жазылым ұғымына тереңірек үңіліп, оны зерделеп, қазақстандық заманауи білім беру жүйесіндегі болашақ ғалымдардың бойында дағды ретінде қалыптасу ерекшеліктерін қарастырды. Сонымен қатар академиялық жазылымның білім мен ғылымды тоғыстыратын әмбебап форма екендігі алға қойылды. Академиялық жазылым мәтіндік коммуникацияның фрагменті және мәтін түзілімінің белгілі бір типі, мұнда субъект өзінің негізгі коммуникативтік әрекетінің мақсатына сай өз стратегиясын қалыптастырады. Академиялық жазылым лингвориторикамен, герменевтикамен, психолингвистикамен, әлеуметтанумен, прагматикамен байланысады. Осылардың бәрі кешенді түрде автор мен адресаттың қарым-қатынасы мәселесіне жауап береді. Өйткені академиялық жазылым коммуникацияның ерекше формасы ретіндегі академиялық мәтін концепциясын жасаумен байланысты. Осыған орай, бұл жұмыстың авторлары академиялық мәтін, дискурс пен мәнмәтінді тұтастықта қарау оны жүйелі түрде зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқындады.\"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"18 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/jgsv3296","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0

Abstract

"ХХІ ғасыр ғылым мен білім берудегі қарама-қайшылықтардың жаһандануымен, олардың адамзаттың жалпы мәселелерімен байланыстарының күшеюімен сипатталады. Қазіргі әлемдік ғылым-білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптары бойынша оқу процесінің басты тұлғасы, субъектісі – білім алушылардың функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігі болып саналады. Ғаламдық кеңістіктегі ғылым-білім саласындағы ортақ мәселенің бірі – академиялық жазылымға келіп тіреледі. Тілді жақсы білу академиялық жазылым дағдысын автоматты түрде жақсы игереді дегенді білдірмейді. Академиялық жазылым көп жағдайда тек жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жоғары білім беру жүйесінде қызмет етуші зерттеушілерге ғана керек дүние ретінде қабылданады. Кез-келген ғылымның дамуы қазіргі таңда оқшауланған стильде емес, керісінше жаһандық деңгейде өзге елдердегі ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен таныса отыра дамуды көздейтін ерекше құбылыс. Бұл әлемдік ғылымның берік ұстанып отырған заманауи тренді. Әрине, осы орайда жаһандық тіл – ағылшын тіліндегі тың жұмыстармен танысу әрі оларды пайдалану академиялық жазылымның негіздерін, басты принциптерін білуді талап етеді. Бұл мақалада авторлар академиялық жазылым ұғымына тереңірек үңіліп, оны зерделеп, қазақстандық заманауи білім беру жүйесіндегі болашақ ғалымдардың бойында дағды ретінде қалыптасу ерекшеліктерін қарастырды. Сонымен қатар академиялық жазылымның білім мен ғылымды тоғыстыратын әмбебап форма екендігі алға қойылды. Академиялық жазылым мәтіндік коммуникацияның фрагменті және мәтін түзілімінің белгілі бір типі, мұнда субъект өзінің негізгі коммуникативтік әрекетінің мақсатына сай өз стратегиясын қалыптастырады. Академиялық жазылым лингвориторикамен, герменевтикамен, психолингвистикамен, әлеуметтанумен, прагматикамен байланысады. Осылардың бәрі кешенді түрде автор мен адресаттың қарым-қатынасы мәселесіне жауап береді. Өйткені академиялық жазылым коммуникацияның ерекше формасы ретіндегі академиялық мәтін концепциясын жасаумен байланысты. Осыған орай, бұл жұмыстың авторлары академиялық мәтін, дискурс пен мәнмәтінді тұтастықта қарау оны жүйелі түрде зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқындады."
求助全文
约1分钟内获得全文 求助全文
来源期刊
自引率
0.00%
发文量
0
×
引用
GB/T 7714-2015
复制
MLA
复制
APA
复制
导出至
BibTeX EndNote RefMan NoteFirst NoteExpress
×
提示
您的信息不完整,为了账户安全,请先补充。
现在去补充
×
提示
您因"违规操作"
具体请查看互助需知
我知道了
×
提示
确定
请完成安全验证×
copy
已复制链接
快去分享给好友吧!
我知道了
右上角分享
点击右上角分享
0
联系我们:info@booksci.cn Book学术提供免费学术资源搜索服务,方便国内外学者检索中英文文献。致力于提供最便捷和优质的服务体验。 Copyright © 2023 布克学术 All rights reserved.
京ICP备2023020795号-1
ghs 京公网安备 11010802042870号
Book学术文献互助
Book学术文献互助群
群 号:604180095
Book学术官方微信