{"title":"\"«ТӘРЖҮМАНДАҒЫ» СОМАТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫМЫЗДАҒЫ КӨРІНІСІ\"","authors":"Б. М. Сүйерқұл, М. А. Уайханова","doi":"10.48081/sfmh7356","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігі саналатын тілді адамзат тарихының айнасы деуге болады. Себебі тілдік бірліктер этнос дамуының әр кезеңіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды тап басып таңбалап отырады. Уақыт ағымына сәйкес қолданыстан шығып қалған көптеген заттар мен құбылыстарға қатысты ақпаратты олардың тілде сақталып қалған атауларынан білеміз. Әсіресе, күллі тіршілік иелерінің ішінен адам баласын ерекшелеп, «Кім?» деген сұрақты еншілеп берген түркі халықтарының жазба мұраларына назар аударсақ, көптеген қызықты мағлұмат аларымыз даусыз. Онда қатталған тілдік деректер қазіргі ғылымда басымдық беріліп отырған антропоөзекті парадигмаға сәйкес тілді оны қолданушы адамның өзін тану бағытында зерделеу тұрғысынан алғанда маңызды рөл атқарады. Сөздік құрамының негізгі бөлігіне жататын соматизмдерді зерттеу тіл мамандары үшін ғана емес, медицина, физиология, психология, антропология, археология саласындағы ізденушілер үшін де маңызды. Себебі соматизмдердің қатысуымен жасалған түрлі фразеологиялық, паремиологиялық бірліктерде белгілі бір дәрежеде ұлттық менталитетіміз, сан ғасырлық тарихы бар дүниетанымымыз да көрініс табады. Сондай-ақ соматизмдер арқылы жасалған тұрақты тіркестерді тіліміздің байлығын танытатын деректер ретінде қарастыру мақала тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Осымен байланысты автор орта ғасыр жазба ескерткіші «Китаб Тарджумандағы» соматизмдерді қазіргі қазақ тілі материалымен салыстыра зерттеуді мақсат еткен. Мақалада жазба ескерткіште кездесетін соматизмдерге лексика-семантикалық сипаттама беріледі, олардың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқалары, олардың қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер салыстырыла талданады.\"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"17 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2022-09-30","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/sfmh7356","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігі саналатын тілді адамзат тарихының айнасы деуге болады. Себебі тілдік бірліктер этнос дамуының әр кезеңіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды тап басып таңбалап отырады. Уақыт ағымына сәйкес қолданыстан шығып қалған көптеген заттар мен құбылыстарға қатысты ақпаратты олардың тілде сақталып қалған атауларынан білеміз. Әсіресе, күллі тіршілік иелерінің ішінен адам баласын ерекшелеп, «Кім?» деген сұрақты еншілеп берген түркі халықтарының жазба мұраларына назар аударсақ, көптеген қызықты мағлұмат аларымыз даусыз. Онда қатталған тілдік деректер қазіргі ғылымда басымдық беріліп отырған антропоөзекті парадигмаға сәйкес тілді оны қолданушы адамның өзін тану бағытында зерделеу тұрғысынан алғанда маңызды рөл атқарады. Сөздік құрамының негізгі бөлігіне жататын соматизмдерді зерттеу тіл мамандары үшін ғана емес, медицина, физиология, психология, антропология, археология саласындағы ізденушілер үшін де маңызды. Себебі соматизмдердің қатысуымен жасалған түрлі фразеологиялық, паремиологиялық бірліктерде белгілі бір дәрежеде ұлттық менталитетіміз, сан ғасырлық тарихы бар дүниетанымымыз да көрініс табады. Сондай-ақ соматизмдер арқылы жасалған тұрақты тіркестерді тіліміздің байлығын танытатын деректер ретінде қарастыру мақала тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Осымен байланысты автор орта ғасыр жазба ескерткіші «Китаб Тарджумандағы» соматизмдерді қазіргі қазақ тілі материалымен салыстыра зерттеуді мақсат еткен. Мақалада жазба ескерткіште кездесетін соматизмдерге лексика-семантикалық сипаттама беріледі, олардың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқалары, олардың қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер салыстырыла талданады."