{"title":"ҚАЗАҚЫ ҚАЛЖЫҢДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ-ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ","authors":"А. Кок, Б. М. Кадырова, А. К. Копаева","doi":"10.48081/eulr8218","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"\"Әзіл-қалжыңға негізделген күлкі адам өмірінің бір бөлігі болып табылады. Күлкі күнделікті тұрмыстан бастап саясатқа дейінгі өмірдің барлық саласында. Онда зілсіз қалжыңдардан бастап ирония, сатира, сарказм сияқты күлкінің барлық түрі бар. Күлкі жалпы адамзаттық құбылыс болумен қатар жеке ұлттық құбылыс. Белгілі бір халықтың мәдениеті мен ұлттық сипатын күлкіге нені нысан еткені мен күлкі тудыру әдістерінен де тануға болады. Барлық ұлттың өзіндік өмірлік құндылықтары, дәстүрлері бар. Ұлттың ерекшелігін, таным-түсінігін білмей ұлтқа тән әзілдерін түсіну қиындық тудырады. Әр халықтың әзілін түсіну үшін сол халықтың өмір сүру салтымен, ерекшелігімен таныс болу керектігі дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Сондықтан ғылыми мақалада ұлттық ерекшелікті танытатын қазақы қалжыңдардың ұлттық-тілдік сипаты қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, қазақы қалжыңдар мағыналық тұрғыдан топталады, күлкі тудыру тәсілдері сараланады. Қазақы ауылда өскен адамның өзге тілдік сөздерді дұрыс түсінбеуі күлкі тудырудың жиі кездесетін тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Ғылыми зерттеуге арқау болған қаламгерлер мен ауылдастар арасындағы қағытпа қалжыңдар. Қажетті материалдар мерзімді басылымдар мен күнделікті тұрмыстан алынып, оларға лингвомәдениеттанымдық, лексика-семантикалық талдау жасаудың нәтижесінде ғылыми тұжырымдар жасалды. Кілтті сөздер: қазақы қалжың, зерттелуі, лингвомәдениеттаным, тілдік ерекшелігі, күлкі тудыру тәсілдері. \"","PeriodicalId":151869,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","volume":"88 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-31","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Philology series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/eulr8218","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
"Әзіл-қалжыңға негізделген күлкі адам өмірінің бір бөлігі болып табылады. Күлкі күнделікті тұрмыстан бастап саясатқа дейінгі өмірдің барлық саласында. Онда зілсіз қалжыңдардан бастап ирония, сатира, сарказм сияқты күлкінің барлық түрі бар. Күлкі жалпы адамзаттық құбылыс болумен қатар жеке ұлттық құбылыс. Белгілі бір халықтың мәдениеті мен ұлттық сипатын күлкіге нені нысан еткені мен күлкі тудыру әдістерінен де тануға болады. Барлық ұлттың өзіндік өмірлік құндылықтары, дәстүрлері бар. Ұлттың ерекшелігін, таным-түсінігін білмей ұлтқа тән әзілдерін түсіну қиындық тудырады. Әр халықтың әзілін түсіну үшін сол халықтың өмір сүру салтымен, ерекшелігімен таныс болу керектігі дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Сондықтан ғылыми мақалада ұлттық ерекшелікті танытатын қазақы қалжыңдардың ұлттық-тілдік сипаты қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, қазақы қалжыңдар мағыналық тұрғыдан топталады, күлкі тудыру тәсілдері сараланады. Қазақы ауылда өскен адамның өзге тілдік сөздерді дұрыс түсінбеуі күлкі тудырудың жиі кездесетін тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Ғылыми зерттеуге арқау болған қаламгерлер мен ауылдастар арасындағы қағытпа қалжыңдар. Қажетті материалдар мерзімді басылымдар мен күнделікті тұрмыстан алынып, оларға лингвомәдениеттанымдық, лексика-семантикалық талдау жасаудың нәтижесінде ғылыми тұжырымдар жасалды. Кілтті сөздер: қазақы қалжың, зерттелуі, лингвомәдениеттаным, тілдік ерекшелігі, күлкі тудыру тәсілдері. "